419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ коронавирустың таралу қаупін орта деңгейден жоғары деңгейге көтерді

  • 518
  • UPD: 10:37, 04.03.2020
Еуроодақ коронавирустың таралу қаупін орта деңгейден жоғары деңгейге көтерді

Еуроодақ елдері коронавирус індетінің таралу қаупін орта деңгейден жоғары деңгейге дейін көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссия COVID-19 вирусына қарсы күреске 230 миллион еуродан аса қаржы бөлді және бұл мақсатта қосымша қаражат тарту мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Ал Еуропарламентте келушілерді қабылдауға уақытша тыйым салынды. Бұл тыйымның тілшілерге қатысы жоқ, олар ғимаратқа кіре алады. Індет өршіп тұрған аймақтарда болған қызметкерлерге үйінде жұмыс істеуге және денсаулығына мұқият қарауға нұсқау берілді. Бұл шектеулердің күші үш апта сақталады. Осыдан кейін індет тарау қауіпі қайта бағаланбақ.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:

- Денсаулық мәселелері бойынша агенттігіміз бүгін індет таралу қаупі жоғары деңгейге көтерілгенін жариялады. Еуроодақ вирусты ауыздықтау үшін барлық деңгейде тиісті шаралар қабылдап жатыр.

Давид Сассоли, Еуропарламент төрағасы:

Біз қауіпсіздік шараларын қолға алуымыз керек, сол себептен Еуропарламентте келушілерді қабылдауға шектеу қойдық. Семинарлар, көрмелер және өзге де мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Қазіргі кездегі басты міндетіміз үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы