412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия шекарасындағы босқындар Грекияға ағылуда

  • 285
Түркия шекарасындағы босқындар Грекияға ағылуда

Түркия шекарасындағы босқындар Грекияға әлі де ағылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі құрлық оларды қабылдағысы жоқ. Мигранттар Еуроодаққа өте алмай, полициямен қақтығысқа түсуде. Тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін көз жасауратын газ, Молотов коктелі мен күш қолдануда. Кей ақпарат көздері жараланғандар мен адам шығыны да бар екенін хабарлайды. Жалпы БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, Сириядан шыққан келімсектердің 80 процентін әйелдер мен балалар құрайды. Еуроодақ басшылары Режеп Тайып Ердоғанға босқындармен күресу үшін қаржы бөлетінін айтып, шам еліндегі қақтығысты тоқтатуға шақырады. Ал Анкараның бұған сенері жоқ. Айтуынша, Түркия 10 жылда 4 млн-ға жуық босқынды қабылдағанмен, көмек қолын созған бірде бір ел табылмаған еді.

Хабар 24 телеарнасы