447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда төтенше жағдай жарияланды

  • 117
  • UPD: 10:00, 16.03.2020
Ливанда төтенше жағдай жарияланды

Әлемді жайлаған коронавирус Ливан халқын да әуре-сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік төтенше жағдай жариялады. Аймақта барлық жекеменшік компаниялар мен кейбір мемлекеттік мекемелер жұмысын тоқтатты. Елдің Ақпарат министрі шекара, порттар мен әуежай наурыздың 18-інен 29-ына дейін жабылатынын хабарлады. Ал, өткен аптада аймақтағы барлық мейрамханалар мен қоғамдық орындар жұмысын тоқтатқан болатын. Қазір елде 99 адам вирус жұқтырған. 3 науқас қайтыс болды.

Манал Абдель Самад, Ливанның ақпарат министрі:

Шекараны жабуға тура келеді. Рафик аль-Харири әуежайы да жабылады. Мемлекеттік және жекеменшік мекемелер, оның ішінде мектептер, университеттер мен балабақшалар да жұмысын тоқтатады.

Хабар 24 телеарнасы