426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикода коменданттық сағат енгізілді

  • 359
  • UPD: 09:28, 17.03.2020
Пуэрто-Рикода коменданттық сағат енгізілді

Бұл – коронавирусқа қатысты қауіптің күшеюіне байланысты қабылданған шешім, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше тәртіп 30 наурызға дейін жалғасады. Енді кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін барлық тұрғын үйлерінен шықпауы тиіс. Ал дүкендер кешкі сағат алтыдан кейін жабылу керек. Десе де, бұл шектеудің азық-түлік сататын сауда нүктелеріне қатысы жоқ. Одан бөлек, мұнда кинотеатрлар, концерттік және спорттық залдар, казино секілді орындар жабылады.

Айта кеткен жөн, Пуэрто-Рикода коронавирусты жұқтырудың 5 дерегі расталды. Тағы 17 адам індетке шалдығуы мүмкін деген күдікпен карантинде жатыр.      

Рич Норрис, америкалық саяхатшы:

– Коменданттық сағаттың жариялануы дұрыс, меніңше. Адамдар сыртқа аз шықса, бұл вирустың тез таралуына тосқауыл болуы мүмкін. Туризмнің өңір үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы білеміз. Алайда әр істің қайыры бар демекші, биліктің шешімі де тиімді шаралардың бірі шығар.

Хабар 24 телеарнасы