413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания үкіметі коронавируспен күресте дәрменсіздік танытып отыр

  • 271
  • UPD: 08:56, 19.03.2020

Жергілікті ғалымдар бұлай жалғаса берсе, елде аурудан қаза тапқандардың саны 260 мыңға жетеді деп отыр.

Қазір мұнда Covid-19-ға 2000-ға жуық адам шалдығып, 71-і көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Еуропа елдерінің барлығында дерлік карантин жарияланған, бірақ Біріккен Корольдікте әлі де мектептер мен балабақшалар жұмыс істеп тұр. Ал, індет жұқтырғандар мен одан құрбан болғандар саны көңіл көншітпейді. Жергілікті үкімет, егер балалар мектепке бармаса, ересектер, әсіресе, медицина қызметкерлері үйде отырып, жалпы жұмыс ақсап қалуы мүмкін дегенді алға тартады.

Бірақ британиялықтар Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің пандемияға қарсы тұра алатын қауқарына күмәнмен қарайды. Тіпті алаңдайды да.

Мария Десюз, Лондон тұрғыны:

Алаңдаймыз, әрине. Шынымен де қатты қобалжудамын. Ақша, төсек-орын, дәрі-дәрмек, қорғану құралдары және, әлбетте, медициналық қызметкерлер саны жетпей қала ма деп қорқамын.

Сондай-ақ бизнес өкілдері де дабыл қағып отыр. Паб, түнгі клуб, театр иелері банкрот болу қаупі алдында тұр, келушілер жоқ, өйткені үкімет адам көп шоғырланған жерлерден алыс жүруге шақырған. Ал қоғамдық көңіл көтеру орындарын жабу үшін үкіметтің арнайы бұйрығы керек. Сонда ғана бұл сақтандыру жағдайы болып саналып, оларды банкрот болудан аман алып қалады. 

Руши Сунак, Ұлыбритания қаржы министрі:

Коронавирустың біздің экономикамызға деген ықпалы елеулі. Бірақ біз құтқару жұмыстары үшін 330 миллиард стерлинг фунтын бөліп отырмыз. Шағын және орта бизнес 5 миллионға дейін пайызсыз несие ала алады. Кішігірім компаниялар 10 мың фунтқа дейін гранттарға ие болмақ. Банктер борышкерлерге 3 айға дейін уақыт береді.

Ұлыбритания шенеуніктерінің пікірінше, клиникаларға арналып, алғашқы сынақ жұмыстары үшін сәуір айында вакцина шығуы тиіс. Ол бір жылдан кейін жаппай пайдалануға ұсынылады. Үкімет бұл зерттеулерге қаражат бөлуді жалғастырады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы