399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Африканы жайлап барады

  • 325
  • UPD: 15:53, 24.03.2020
Коронавирус Африканы жайлап барады

Коронавирус Африка құрлығын да айналып өтпеді. Қазір аймақта жұқпалы дерт кең етек жайып барады.

Осыған орай Оңтүстік Африка Республикасының президенті елде 21 күнге жалпыұлттық карантин жариялады. Аймақта биліктің қойған талаптарының  орындалуын полиция ғана емес жергілікті әскерилер де қадағалайтын болады. Ал Гаитиде КОВИД-19-дан алтыншы адам көз жұмды. Өңірде төтенше жағдай жарияланып, кешкі сағат 8-ден бастап, таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізілді. Аймақтағы әуежай, мектептер, фабрикалар мен кемежайлар жұмысын уақытша тоқтатты. Доминикан Республикасында да 75 адам осы вирусты жұқтырып, 3 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы