430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Яндекс» өзінің мессенджерін шығарды

  • 295
  • UPD: 09:39, 23.04.2020
«Яндекс» өзінің мессенджерін шығарды

Ресейлік «Яндекс» интернет-компаниясы өзінің мессенджерін шығарғаны туралы жариялады.

Компанияның мәлімдеуінше, мессенджер компьютерлер мен iOS және Android негізіндегі мобильді құрылғыларда қолжетімді болады, деп жазды iz.ru. Бағдарлама арқылы мәтіндік хабарламалар жіберіп, сонымен қатар аудио және бейне қоңыраулар жасауға болады. Сондай-ақ компания мессенджердің мәтінді шифрлайтын функциясы болады деп атап өтті.

«Яндекс» жасаған SpeechKit технологиясының көмегімен дыбыстық хабарламаларды мәтінге айналдыруға болады», - дейді құрастырушылар.

Хабар 24 телеарнасы