423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

  • 347
  • UPD: 12:02, 30.04.2020
Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

Беларусь коронавирустың барын әлі де жоққа шығарып отыр.

Алайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп келеді. Адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде кейбір шіркеулер мен монастырьлар әлі жабылмаған. Пасхада көптеген адамдар вирустың иконаны сүю арқылы жұғатынына сенбей, ғибадатханаға барған. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 мың адамнан асты.

Айта кету керек, бұл елде карантин режимі енгізілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы