419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еурокомиссия коронавирустың екінші толқыны болатынын ескертті

  • 427
  • UPD: 14:10, 12.05.2020
Еурокомиссия коронавирустың екінші толқыны болатынын ескертті

Еуроодақ коронавирустың екінші толқынына дайындалуы қажет.

Еурокомиссия өкілі Стефан Де Кеерсмакер Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Кәрі құрлықта індеттің таралуы жақсы бақылауға алынғанымен, індеттің қайта өршуі әбден мүмкін. Еуропалық елдер COVID-19-бен күрес аяқталмай, карантин шараларын жеңілдетуге көшкен.

«Ал, вирусты жұқтырғандар мен дерттен қайтыс болғандар санының азаюы адамдарды бейқамдылыққа салуы мүмкін», - дейді ол. Сондықтан күннің жылынуына қарамастан, әлеуметтік арақашықтық пен тазалық шараларын сақтау керектігін айтады.

Стефан Де Кеерсмакер, Еурокомиссия өкілі:

Еуроодақ вирустан төнген қауіп-қатерге қатысты эпидемиологиялық бақылауды жақсарта отырып, індеттің екінші толқынына дайындалуы қажет. Еурокомиссия Аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен бірлесе отырып, коронавирустың екінші рет таралу қатері жайлы хабардар ететін арналарды дайындауда. Олар азаматтарға індеттің қайта өршуі мүмкін екенін түсіндіруге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы