415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19: Бразилияда екінші денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті

  • 539
  • UPD: 11:45, 16.05.2020
COVID-19: Бразилияда екінші денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті

Бразилияда коронавирус індеті өршіп тұрған тұста денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нельсон Тейч бұл лауазымға бір айдай бұрын ғана тағайындалған еді. Оған алдыңғы әріптесінің президент Жаир Болсонарумен індетпен күрес бойынша ортақ келісімге келе алмауы себеп. Бірақ оның орнына келген Тейч те бірқатар аймақты аралап, Болсонарудың көзқарасымен келісе алмайтындығын жеткізген. Себебі мемлекет басшысы індет деректері асыра айтылған деген пікірде. Сондықтан індетке қарсы шектеу шараларын тез арада алып тастауды қалайды. Ал соңғы ақпарға қарағанда, Бразилияда коронавирусты жұқтырғандар саны 212 мыңнан асқан. Дерттен 14 мыңнан астам науқас көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы