412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия туристік маусымның басталу уақытын жариялады

  • 172
  • UPD: 16:07, 21.05.2020
Грекия туристік маусымның басталу уақытын жариялады

Грекия билігі туристік кезеңді 15 маусымда ашу туралы шешім қабылдады.

Шілдеден бастап барлық туристік бағыттағы халықаралық рейстер қалпына келтіріледі. Бұл туралы елдің премьер-министр Кириакос Мицотакис мәлімдеді, деп хабарлады Ekathimerini.

15 маусымнан бастап рейстер тек Афина халықаралық әуежайына, ал 1 шілдеден бастап әуе рейстері елдегі барлық әуежайға қонады.

Туристерге Грекияға коронавирус тестін тапсырмай-ақ мен карантинсіз кіруге рұқсат етіледі. Дегенмен ең алғашқы туристер Балқан түбегі және солтүстік Еуропа елдерінен қабылданбақ.

Грекияда коронавирустық инфекцияның 2850 жағдайы тіркелген. Індеттен 166 адам қайтыс болды, 1400-ге жуық адам емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы