423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19: Ресейде бір тәулікте рекордтық өлім жағдайы тіркелді

  • 522
  • UPD: 16:48, 22.05.2020
COVID-19: Ресейде бір тәулікте рекордтық өлім жағдайы тіркелді

Ресейде бірнеше күн қатарынан коронавирус жұқтыру деңгейі бірқалыпты сақталып келеді.

Бірақ соңғы 24 сағат ішінде елде індеттен қайтыс болғандардың саны рекорд орнатты.

Өткен тәулік ішінде Ресей Федерациясында 8894 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Сонымен қатар COVID-19-дан бір тәулікте 150 адам қайтыс болды, олардың ішінде 73 науқас Мәскеу тұрғыны.

Ресейде барлығы 326 448 коронавирус инфекциясы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы