412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланысын үзеді

  • 249
  • UPD: 13:14, 30.05.2020
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланысын үзеді

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланысын үзеді.

Бұл туралы Ақ үй қожайыны баспасөз мәслихатында айтты. Америка басшысының айтуынша, халықаралық ұйым коронавирустың өршігенін біле тұра, Қытайға індеттің таралуы туралы мәліметті жасырып қалуға көмектескен.

Айта кетейік, АҚШ президенті бұған дейін де бірнеше рет ұйым басшылығының Бейжіңмен мәмілеге барғанын алға тартып, айыптаған еді. Осыған байланысты Құрама штаттар аталған ұйымды қаржыландырудан бас тартып, оған мүше болуды тоқтатынын жеткізген еді. Бұл жөнінде Дональд Трамп Тедрос Гебрейесусқа жолдаған хатында анық айтқан. Сондай-ақ Twitter-дегі парақшасына да жазды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Қытайдың Ухань вирусы туралы мәліметті жасырып қалуы инфекцияның бүкіл әлемге тарауына жол ашты. Сөйтіп, оның арты пандемияға ұласып, індет жүз мыңдаған адамның өмірін қиды. Қытайлық шенеуніктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына нақты ақпарат ұсыну бойынша өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Керісінше, оған қысым көрсетті. Осы ретте ұйым біз талап еткен реформаларды іске асыра алмағандықтан, онымен арадағы байланысты үзбекпіз.

Хабар 24 телеарнасы