418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде тәулік ішінде 8952 адам вирус жұқтырды

  • 207
  • UPD: 16:58, 30.05.2020
Ресейде тәулік ішінде 8952 адам вирус жұқтырды topspb.tv

Өткен тәулікте Ресейде КВИ жұқтырған адам саны 8952-ге көбейді.

181 науқас қайтыс болса, 8212 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы РиаНовости сайты коронавирусқа қарсы күрес жедел штабының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Дегенмен вирус жұқтырып алған 8952 адамның 41.9 пайызында, бұл шамамен 3747 кісіде, ауру белгілері айқын байқалмаған.

Жаңа деректер елдің 83 өңірінде тіркеліп отыр. Көбі, Мәскеуде – 2367. Ал ең аз дегені Ненецкий автономиялы округінде анықталды, небары 2 адам.

Хабар 24 телеарнасы