418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Флойд өліміне күдікті кепілмен босатылды

  • 261
  • UPD: 15:29, 11.06.2020
Д.Флойд өліміне күдікті кепілмен босатылды

АҚШ-та Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар деп танылған 4 тәртіп сақшысының бірі бостандыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Томас Лейн абақтыдан кепілмен босатылған. Еске салайық, Миннеаполисте афроамерикалық Джордж Флойдтың қаза табуына байланысты 4 тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынған болатын. Бұл оқиға халықтың ашуын тудырды. Наразы топ полиция қызметкерлерінің озбырлығы мен нәсілшілдікке қарсылығын білдіріп, шеру ұйымдастырды. Ереуілдер әлі де жалғасуда. Толқуларды АҚШ халқы ғана емес, жаһанның өзге де елдері қолдады.

 

Хабар 24 телеарнасы