425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияның әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады

  • 351
  • UPD: 15:03, 15.06.2020
Индонезияның әскери әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады

Индонезияның әскери әуе күштерінің ұшағы Суматра аралында апатқа ұшырады.

Әскери ұшақ Суматра аралындағы Риау провинциясындағы тұрғын үйге құлаған.

Ұшқыш аман қалды, деп хабарлады Jakarta Post газеті елдің әскери әуе күштерінің өкілі Фаджар Адриянтоға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Hawk 209 ұшағы дүйсенбі күні таңертең Пеканбуру қаласындағы әуе базасынан ұшып шығып, Кубанг Джая ауылында апатқа ұшырады.

Апаттың себептері бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы