417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда көлдің жағасында концерт өтті

  • 139
  • UPD: 10:27, 23.06.2020

Италиядағы ең ірі Тразимено көлінің жағасында ерекше бір концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Блюз музыкасын орындайтын музыканттар барлық қауіпсіздік шарасын сақтап, жанкүйерлерін өз өнерімен қуантты. Балықшылардан төрт қайық жалдап, оған аспаптары мен қажетті техникасын тиеп, жағадан сәл қашықтап, концерт берді. Еуропада коронавирус індетінен ең көп зардап шеккен Италияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіліп жатыр.15 маусымнан бастап елде концерттер ұйымдастыруға рұқсат берілді. Алайда іс-шараға қатысушылардың барлығы бетперде тағып, арақашықтық сақтауы тиісті.

Леонардо Капачи, турист:

- Керемет. Бұл музыканттар мен осы салада істейтін адамдар үшін жаңа бастама болады деп ойлаймын. Біз өте ризамыз, өйткені арақашықтық сақтап, халықты өз өнерімен қуанта алады.

Хабар 24 телеарнасы