417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қару-жараққа қатысты жаңа заң жобасы америкалықтардың көңілінен шықпады

  • 174
  • UPD: 20:54, 06.07.2020
Қару-жараққа қатысты жаңа заң жобасы америкалықтардың көңілінен шықпады

АҚШ-тың Вирджиния штатында халық үкіметтің қару-жараққа қатысты қабылдаған жаңа заң жобасына қарсылық білдіріп, ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сәйкес, қаруды саудалағанда сатушы, сатып алушының рұқсат құжатын тексеруі міндетті. Сонымен қатар, қаруы бар адам өзіне немесе өзгелерге қауіп төндіретін болса, қаруы тәркіленуі мүмкін. Заң осы айдың басында мақұлданды.  Ричмонд қаласының басты алаңына жиналған наразылар қолдарына қаруын ұстап шыққан. Жиналған жұрттың айтуынша, құжат ел Конституциясына қарсы. Наразылық акциясы кезінде тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы