417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте мектептер қайтадан жабылады

  • 224
  • UPD: 15:30, 10.07.2020
Гонконгте мектептер қайтадан жабылады

Гонконгте коронавирус дерті қайта өршіп барады. Осыған орай жергілікті билік аймақта мектептерді карантинге жабу туралы шешім қабылдады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шаһарда бір тәулікте 30 адамнан Ковид-19 анықталған. Сонымен қатар АҚШ-тың екі әуе компаниясы Гонконгқа ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты. Жалпы пандемия басталғалы Қытайдың арнайы әкімшілік аймағында 1 мың 365 адам індеттің ілмегіне ілінген.

Хабар 24 телеарнасы