423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Израильде демалыс күндері жаппай карантин режимі енгізілмек

  • 391
  • UPD: 15:16, 17.07.2020
Израильде демалыс күндері жаппай карантин режимі енгізілмек

Израильде вирус жұқтырғандар қатары артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде тағы 2 мыңнан астам адамнан инфекция анықталып, 9 науқас көз жұмды. Қазір 200 тұрғын ауыр халде жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, пандемия басталғалы қауіпті індетке шалдыққандар саны 46 мыңнан асып кетті. Вирустың таралуын тежеу үшін ел билігі шектеу шараларын күшейтеді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, демалыс күндері жаппай карантин режимі енгізіліп, қалалар арасындағы көлік қатынасына тыйым салынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы