426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар ақ аюлардың жойылып кетуі мүмкін уақытты атады

  • 158
  • UPD: 09:43, 21.07.2020
Ғалымдар ақ аюлардың жойылып кетуі мүмкін уақытты атады

Жаһандық жылыну мен мұздың еріп кетуіне байланысты жер бетіндегі ақ аюлар популяциясы 2100 жылға қарай толықтай жойылуы мүмкін.

Бұл туралы америкалық және канадалық ғалымдарының бірлескен зерттеуінде мәлім болды, деп жазды Nature Climate Change журналы.

Көмірқышқыл газының шығарындылары жоғары деңгейде сақтала берсе, жаһандық жылыну поляр аюлары үшін қауіп төндіреді. Зерттеу бойынша, ақ аюлар 200 күндей аш жүре алады, бірақ оларға қорек табу жылдан жылға қиындай түсуде.

Хабар 24 телеарнасы