424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда дезинфекция жасайтын роботтар таныстырылды

  • 250
Жапонияда дезинфекция жасайтын роботтар таныстырылды railnews.kz

Жапонияның теміржол компаниясы жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған роботтардың бірнеше нұсқасын жұртқа ұсынды.

Қабырғалар, едендер мен орындықтарды дезинфекциялайтын құлтемірлердің сынағы жаңадан ашылған станцияда өтті. Олардың біреуі жұмыс істейтін ғимараттар мен нысандардың көлемін есінде сақтайды. Тағы біреуі орнатылған лазер датчиктер мен 3D бейнекамералардың көмегімен жолында кездесетін бөгеттер мен адамдарды айналып өтеді. Компания өкілінің мәлімдеуінше, роботтар сынақтың тағы бірнеше кезеңінен өтуі тиіс. Ал жетілдірілгеннен кейін, осы құлтемірлерді алдағы төрт жылда ендіру көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы