426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты

  • 240
  • UPD: 14:19, 28.07.2020
Индонезияда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты

Мұнда бір күнде тағы 1500 адамнан COVID-19 анықталды, хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі айда елде індеттің таралу қарқыны үдеп, науқастар саны 4 есе көбейген. «Бұған карантин талаптарының жеңілдеуі себеп», - дейді мамандар. Өткен айдың басында бірқатар аймақта шектеу шаралары алынып тасталған болатын. Олардың арасында Джакарта мен Ява аралындағы Сурабая қаласы бар. Жағдайдың ушығуына қарамастан, ел билігі туризм саласын қайта жандандыруды көздеп отыр.

Мұхаммед Вилдан, Джакарта қаласының тұрғыны:

- 100 мың адам коронавирус жұқтырды. Бұған сену қиын. Осылай боларын кім білген. Науқастар саны күн сайын артып барады.

Хабар 24 телеарнасы