431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда құнарлы жерді өрттен құтқаруға әскерилер тартылды

  • 257
Бразилияда құнарлы жерді өрттен құтқаруға әскерилер тартылды

Бразилия Пантанал аймағында өршіген өртпен күреске әскер аттандырды. Сөйтіп өрт сөндірушілерге әскери ұшақтар мен тікұшақтар және жүздеген жауынгер көмектеспек.

Күннің ыстығы мен желдің кесірінен оттың бетін қайтару қиынға соғып тұр. Қазірдің өзінде 5 мың шаршы шақырым аумақ күлге айналды. Осыған байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Жалпы Пантанал топырағы құнарлы болғандықтан мұнда өсімдіктің алуан түрі өседі. Әлемнің өзге аймақтарында кездеспейтін жануарлар мекендейді.

Хабар 24 телеарнасы