429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Аргентина ауруханаларында орын тапшы

  • 231
  • UPD: 14:37, 29.07.2020

Аргентинада коронавирус індетінің өршуі дес бермей келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір тәулікте 120 адам көз жұмған. Осылайша, вирус құрбандарының саны 3 мыңнан асқан. Ал ауруға шалдыққандардың жалпы саны 161 мыңға жуықтады. Қазір Буэнос-Айрестағы ауруханаларда бос төсек жоқ. Орын тапшылығы әсіресе жансақтау бөлімінде байқалады. Жағдайдың күрделілігіне байланысты дәрігерлер жергілікті биліктен көмек сұрап жатыр.

Арнальдо Дубин, дәрігер:

– Буэнос-Айрес қаласындағы ауруханалар науқастарды қабылдауға үлгермей жатыр. Жансақтау бөлімдері лық толы. Ал жекеменшік ауруханаларда орындардың 80 пайызы толды.

Хабар 24 телеарнасы