433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Косово билігі елге келушілерді тест нәтижесімен кіргізеді

  • 281
  • UPD: 14:06, 30.07.2020

Тест нәтижесі жоқ адам елге кіре алмайды. Косово Үкіметі осындай шешім қабылдады.

Енді көршілес Албания, Солтүстік Македония, Сербия, Босния азаматтары мемлекет аумағына кіру үшін коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама көрсетуі керек. Соңғы бір аптаның өзінде 40 науқас кеселден көз жұмған. Билік шектеу шараларын күшейтіп, 5 адамнан артық жиналуға тыйым салды. 

Шпетим Тачи, дәрігер:

- Вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Ахуал бақылаудан шығып барады. Әлеуметтікарақашықтық сақтап, бетперде киюді талап ету өте орынды.

Хабар 24 телеарнасы