431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде гидтер үкіметтен қолдау сұрады

  • 249
  • UPD: 21:36, 31.07.2020

Франция астанасы Парижде гидтер наразылық акциясына шықты. Опера театрының алдында жиналған жұрт үкіметтен қолдау көрсетуді талап етіп отыр.

Олардың айтуынша, карантин басталғалы экскурсия жүргізушілердің көбі нәпақасынан айырылған. Жергілікті биліктен де еш қолдау болмаған. Туризм саласының тұралап, өңірде саяхатшылардың қарасы азайған.

Айта кетейік, Францияда індеттің ілмегіне ілінгендердің қатары 187 мыңнан асып, оның 30 мыңнан астамы дерттің құрбаны болды.

1) Әріптестерім сынды бірнеше айдан бері нәпақасыз отырмын. Туризм саласындағы жағдай тұрақталмайынша күнкөрісіміз қиындай түседі. Қазіргі жағдайға қарап, келесі жылдың жазына дейін жұмыссыз отыруымыз мүмкін.

2) Мемлекет туризм саласын қолдау үшін 18 млрд еуро бөлді. Алайда бұл ақша бізге жеткен жоқ. Сондықтан көмек қолын созуды сұраймыз. Кейбіреулер баспанасын сатуға мәжбүр болды. Саяхатшылардың Парижге келуін күтумен қалдық.

Хабар 24 телеарнасы