429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 304
  • UPD: 11:30, 03.08.2020
Еліміздегі 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды bakdar.org

Аптап ыстық әлі біразға дейін басылмайды.

Отандық мамандар 11 өңірге қатысты дауылды ескерту жариялап отыр. Әсіресе бүгін Қарағанды, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Сәйкесінше өртке қатысты қауіп те күшейеді. Ал Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында, керісінше, найзағай ойнап, желдің екпіні арта түседі. Тіпті шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы