429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия маска тақпағандарға жазаны күшейтті

  • 190
  • UPD: 16:00, 05.08.2020

Әлем коронавирус инфекциясымен күресті жалғастырып жатыр. Карантин талабын сақтамағандарға жаза да күшейіп барады.

Мысалы, Германияның батысындағы Солтүстік-Рейн Вестфалия аймағында қоғамдық көлікте маска тақпағандар 150 еуро айыппұл төлейді.

Ал Германия үкіметінің туризм жөніндегі өкілі круиздік демалыстан келгендерге инфекцияның бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру талабын қойып отыр. Оның ойынша, саяхат қауіп тудырмауы тиіс. Өткен тәулікте Германияда коронавирус инфекциясын 741 адам жұқтырған. Эпидемия басталғалы бері бұл елдегі науқас саны - 212 мыңнан асты, 9 мыңнан астамы індеттен қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы