428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі жарылыстан БҰҰ кемесі зақымдалды

  • 212
  • UPD: 20:06, 06.08.2020
Бейруттегі жарылыстан БҰҰ кемесі зақымдалды

Бейруттегі жарылыстан Біріккен ұлттар ұйымының уақытша күштерінің кемесі мен экпипаж мүшелері зардап шеккен. Бұл жөнінде Al Jazeera хабарлады.

Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, апаттан бірнеше адам ауыр жарақат алған. Қазір БҰҰ миссиясы  кемежайда болған жарылыс шығынын есептеп жатыр.

Еске сала кетсек, 4 тамызда болған жойқын жарылыс кесірінен  137 адам қаза тапты. 5 мыңдай кісі зардап шекті. Ал теңіз айлағы маңындағы тұрғын үйлерде су мен жарық жоқ. Тұрғындар өз үйлеріне кіре алмай әлек.

Хабар 24 телеарнасы