428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда азық-түлік жетіспеушілігі туындауы мүмкін

  • 266
  • UPD: 22:35, 06.08.2020
Ливанда азық-түлік жетіспеушілігі туындауы мүмкін

Бейруттегі апаттан Ливанда азық-түлік жетіспушілігі туындауы мүмкін. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі.

Мұндай жағдайға елдегі ең ірі кемежай жұмысының тоқтауы себеп болып отыр. Өйткені бұған дейін елдегі азық-түліктің 85 проценті сырттан әкелінетін.

Айта кетейік, 4 тамызда болған жойқын жарылыстан ел астанасында 5 мың адам зардап шегіп, 150-і қаза тапты. Теңіз айлағы маңындағы тұрғын үйлерде әлі не су, не электр жарығы жоқ. Тұрғындар өз үйлеріне кіре алмай жүр.

Хабар 24 телеарнасы