Америкалық Facebook компаниясының басшысы Марк Цукербергтің байлығы 100 млрд доллардан асты.
Бұған Bloomberg агенттігінің жұма күнгі рейтингі дәлел.
Рейтинг бойынша Цукерберг байлығы $100 миллиардтан асқан үшінші адам. Тізімде оның алдында америкалық Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос (190 млрд доллар) және Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс (120 млрд доллар) тұр.
Bloomberg-тің хабарлауынша, Цукерберг 2020 жылы 22 млрд доллардан астам табыс тапқан.
2004 жылы 4 ақпанда Цукерберг және оның Гарвард университетіндегі үш курстасы Facebook-тің негізін қалаған. Компанияның құрамына қазіргі уақытта Facebook және Instagram әлеуметтік желілері, сонымен қатар WhatsApp және Messenger қосымшалары кіреді.