426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Жаңа Зеландияға «қайтып оралды»

  • 211
  • UPD: 23:21, 12.08.2020

Коронавирус жер-жерде қайта белең ала бастады. Жаңа Зеландия билігі Окленд қаласында бүгіннен бастап үш күнге карантин жариялады.

Тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес берілген. Жаппай жиындарды өткізуге болмайды. Компаниялардың көбі уақытша жабылады.

Айта кеткен жөн, кеше Жаңа Зеландияда 4 айға жуық уақыттан кейін коронавирус жұқтыру дерегі қайта тіркелді. Төрт науқас анықталған. Барлығы бір отбасының мүшелері. Мамандар алдағы 3 күн ішінде науқастардың кіммен қарым-қатынаста болғанын анықтамақ. Қазір мамандар олардың вирусты қайдан жұқтырғанын айта алмай отыр. Отбасы мүшелерінің ешқайсы шетелге бармаған. Тіпті қаладан да ұзап шықпаған. 

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

- Біз науқастардың коронавирусты қайдан жұқтырғанын анықтауымыз керек. Алдағы күндері жасалатын тест санын арттырамыз. Бірақ бұл Окленд қаласының бүкіл тұрғыны тексеруден өту керек дегенді білдірмейді. Өйткені ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін. Ал ол вирустың тез таралуына әсер етеді, яғни қауіп арта түседі. Сондықтан біз тек науқастармен қарым-қатынаста болуы мүмкін деген азаматтарды ғана тексереміз.

Хабар 24 телеарнасы