420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда оқитын шетелдік студенттер биылғы оқуын жалғастыра алмауы мүмкін

  • 181
  • UPD: 00:18, 20.08.2020
Қытайда оқитын шетелдік студенттер биылғы оқуын жалғастыра алмауы мүмкін

Қытайда оқитын шетелдік студенттер биыл университеттен арнайы шақыру болмаса, алғашқы тоқсандағы оқуын жалғастыра алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал оқуға барған кезде коронавирусқа шалдықпағанын дәлелдейтін құжаты болуы тиіс. Қытайдың Білім және Денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп, осындай жаңа тәртіп енгізді.

Айта кету керек, Қытай шетелдік студенттердің елге кіруіне наурыз айында тыйым салған. Бұл шектеуден қызметтік және дипломатиялық төлқұжаты бар, «С» дәрежелі визаға ие шетелдік азаматтар ғана босатылған. Ал тамыз айынан бастап осы елде уақытша өмір сүруге рұқсаты бар Еуропаның 36 елінің азаматтарына виза беріле бастады.

Хабар 24 телеарнасы