426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египет туристерді тест тапсыруға міндеттеді

  • 165
  • UPD: 23:17, 28.08.2020
Египет туристерді тест тапсыруға міндеттеді фото: pravda.com.ua

Жергілікті тұрғындар шетелге барып келсе, оларда тексерістен өтуге тиіс.

Биліктің бұл шешімі енді қонақ үй иелерін шошытып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені оларға пайданың негізі бөлігі осы туристерден түседі.

Соңғы екі аптада Египет билігі туризмді саласын дамыту жолында көп жұмыс атқарды. Тіпті арнайы комиссия құрып, наурыз-шілде айындағы жағдайға толық талдау жасады. Халықтың қауіпсіздігі, сондай-ақ туризм саласын тұралатпау мәселесі көп талқыға түсті. Сарапшылардың негізгі міндеті – қонақ үй кешендеріне қойылған шектеулерді азайту. Олар дезинфекция жұмыстарын үнемі жүргізіп отыруға, эпидемиолог дәрігерлерді жұмысқа алуға, сонымен қатар вирус жұқтыру дерегі тіркелсе, жеке жауап беруге міндетті еді. Енді қыркүйектен бастап қонақ үйлерге қойылған бұл міндеттер толығымен алынып тасталуы мүмкін.

Захи Ильгам, қаржы кеңесшісі:

- Биыл Египеттегі қонақ үйлер ең үлкен дағдарысты бастан өткерді. Билік келген шығын көлемін әлі айтқан жоқ, бірақ бұл сандар бірнеше миллиардқа жетті деп ойлаймын. Хургададағы қонақ үйлер соңғы алты айда тек жартылай сыйымдылықпен жұмыс істеді. Ал Шарм-эль-Шейхте одан да аз.

Ел билігі курорттық маусымның ұзартылатынын мәлімдеді. Осылайша, жоғалған дивидендтердің орнын толтыру көзделген. Дегенмен, келген туристер коронавирус тестінен өтуі тиіс. Анықтама алған күннен бастап 48 сағат жарамды. Бірақ тестілеуден 6 жасқа дейінгі балалардың өтуі міндетті емес.

Гонейм Мекки, Хургада институты курорттық бизнес факультетінің деканы:

- Бұл шаралар туристердің наразылығын тудыруы мүмкін. «Тестті қайда жасау керек, ол қанша тұрады, кезек болмайды ма?» деген секілді. Көптеген адамдар демалудан бас тартуы мүмкін. Сондықтан мысырлық кәсіпкерлер алаңдаушылық білдірді. Екінші жағынан адамдардың денсаулығын да ойлау маңызды.

2022 жылға қарай Мысырда жаңа 6 мың нөмірлі бірнеше жаңа қонақ үй ашылады деп күтілуде. Оның бюджеті 5 миллиард долларға дейін жетеді. Алайда, барлық құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Салынған күннің өзінде қонақ үйлер бос қала ма деген қорқыныш та жоқ емес.

Хабар 24 телеарнасы