420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үй жиналмай, қора тазаланбай қалды. Чехия мигрант еңбегіне мұқтаж

  • 326
  • UPD: 12:42, 01.09.2020
Үй жиналмай, қора тазаланбай қалды. Чехия мигрант еңбегіне мұқтаж

Чехияда кадр тапшылығы қатты сезіледі. Оған әлемдік панедмияның да әсері болғаны анық. Соңғы жылдары елде қара жұмыспен негізінен еңбек мигранттары айналысатын. Алайда шектеу шараларына байланысты шекара жабылып, 700 мың шетелдік өз отанына оралды. Сөйтіп, бос жұмыс орындары көбейген. Алайда қара жұмыспен айналысуға асыққан жергілікті тұрғындар жоқ. Ең қызығы, карантин кезінде мұнда жұмыссыздық деңгейі рекордты көрсеткішке жеткен.

Сарапшылар Чехияның еңбек нарығын ірі реформалар күтіп тұрғанын айтады. Өйткені жергілікті компанияларда шетелдік жұмысшыларының жартысынан астамы үйлеріне қайтты. Сөйтіп, әсіресе құрылыс саласында маман тапшылығы байқала бастады. Мұнда негізінен Украина, Румыния мен Польша азаматтары еңбек ететін. Алайда карантинге байланысты олардың Чехиядан кеткені анық. Ал шеттен келетін жұмысшыларды алмастыру қиынға соқты. Қазір құрылыс саласындағы қызметкерлердің жалақысы артқан. Мәселен, бұған дейін еңбек мигранты сағатына шамамен 7 доллар тапса, бүгінде 50 доллардан. Мардымсыз жалақыға ешкім келіспейтін болған. 

Мартин Сакик, құрылыс компаниясының менеджері:

- Қазір ағаш және темір ұсталары мен механизаторлар жетіспейді. Біздің компания ірі еңбек порталдарының бәріне хабарландыру берді. Мұны сонау сәуірде беріп қойғанбыз. Жұмысқа қызығушылық танытып жатқандар негізінен шетелдіктер. Алайда коронавируске байланысты олар бізге келе алмайды. Негізі чех халқы қол еңбегін ұната бермейді. Ал жергілікті шеберлер шетелдіктерден гөрі әлдеқайда жоғары жалақы сұрайды. 

Статистикаға сүйенсек, бүгінде орта есеппен Чехияның бір компаниясына жүздеп жұмысшы жетіспейді екен. Бір ғана Праганың өзінде еңбек биржасында 400-ден астам ашық вакансия бар. Онда үй тазалаушыдан бастап, фермадағы қызметкерге дейін түрлі жұмыстар ұсынылған. Дегенмен, қызығушылық танытып жатқандар сол баяғы шетелдіктер.   

Людвиг Кадержабек, заңгер:

- Шетелдіктер тәуекелге бел буып елімізге келді делік. Алайда бүгінде тек Чехияда ғана емес, бүкіл әлемдегі жағдай тұрақсыз болып тұрған жоқ па? Шетелдіктер осында келгенде, шекара қайта жабылып, олардың екі ортада қалып қоймасына кім кепіл? Оның үстіне еңбек мигранттардың біразында салық мағлұмдамасынана қатысты құжаттары дұрыс емес. 

Ең қызығы, Чехияда жұмыссыздық деңгейі ай сайын артып келеді. Мәселен, бір ғана тамызда 60 мың тұрғын еңбектен бос қалған. Соған қарамастан чех халқы егістік алаңына баруға асықпайды. Салдарынан биыл соңғы 30 жылда алғаш рет егін түсімі төмен. Өйткені мамырдан бері алқаптарда жұмысшылар жетіспеген. 

Авторолар: Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Павел Нэвид

Хабар 24 телеарнасы