420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта жүргізушісіз автобус адам тасымалдап жүр

  • 190
  • UPD: 14:03, 01.09.2020
Таиландта жүргізушісіз автобус адам тасымалдап жүр

Жақын арада Тайваньдағы көлік қозғалысына үлкен өзгеріс енуі мүмкін. Себебі қала көшелерінде алғаш рет жүргізушісі жоқ автобус қызмет атқара бастады.

Әзірге бұл тек сынақ. Сондықтан сақтық мақсатында жүргізуші орнына нұсқаушы жайғасқан. Жалпы автобус өз бетінше тура жүріп, керек жерде бұрыла алады. Бағдаршамға жақындағанда тоқтайды. Ол үшін көлікке арнайы датчиктер бейнекамералар мен радарлар орнатылған.

Жоба авторларының айтуынша, егер сынақ сәтті өтсе, бұл автобустар түнгі уақытта қоғам игілігі үшін қызмет ететін болады.

Хабар 24 телеарнасы