423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық қор нарығы мен Apple акциялары құлдырады

  • 224
  • UPD: 15:35, 04.09.2020
Америкалық қор нарығы мен Apple акциялары құлдырады

АҚШ-та қор нарығы маусым айының басынан бері ең үлкен құлдырауға ұшырады.

Америкалық негізгі қор индекстері бейсенбіде айтарлықтай құлдырады. Dow Jones индексі 2,78%, S&P 500 3,51%, Nasdaq 4,96% төмендеді.

Құлдырауға Apple компаниясы да ұшырады, оның баға белгілері 8% төмендеді. Ақпараттық технологиялар саласындағы алып компанияның екі триллион доллардан асатын капитализациясын ескерсек, бұл құлдырау 180 млрд долларға тең.

Басқа американдық IT-компаниялар да бағаның айтарлықтай төмендегенін көрсетті: Microsoft акциялары 6,19%, Google 5%, Amazon 4,63%, Facebook 3,76%, Tesla 9%-тен астам төмендеген.

Хабар 24 телеарнасы