424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та бір тәулікте 31 мыңнан астам коронавирус жұқтырды

  • 127
  • UPD: 09:03, 08.09.2020
АҚШ-та бір тәулікте 31 мыңнан астам коронавирус жұқтырды

Трамптың асығатын жөні де бар. АҚШ-та соңғы бір тәуліктің өзінде  31 мыңнан астам адам қауіпті вирус жұқтырып, коронавирустан 403 науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәлімет. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен біршама төмен десек те, жағдай әлі де сын көтермейтін дәрежеде. Сенбі күні Құрама Штаттарда қауіпті кеселді 44 мыңнан астам тұрғынның жұқтырып, аурудан 783 науқастың қайтқаны хабарланған еді. Жалпы қазір Америка індет ең көп таралған ел болып тұр. Мұнда дертке шалдыққандардың саны 6 миллион 300 мыңға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы