429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлин Парламенті ғимаратының алдына 13 мың бос орындық қойылды

  • 280
  • UPD: 13:09, 08.09.2020
Берлин Парламенті ғимаратының алдына 13 мың бос орындық қойылды

Акцияны ұйымдастырушылар әлгі санды кездейсоқ таңдамағаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 мың босқын Грекияның Лесбос аралында қалып қойды. Нысан әу баста 3 мың адамға арналған екен. Белсенділер мен дәрігерлер мұны гуманитарлық апат деп танып, дабыл қағуда. Лагерь бүгінде лық толған, босқындар адам төзгісіз жағдайда күн көруге мәжбүр. Оның үстіне кейінгі кездері тұрғындар арасында коронавирус жұқтыру дерегі көптеп тіркелуде. Осы жайттарды ескере отырып, неміс белсенділері босқындарды эвакуациялауды талап етіп отыр. Ал, талапты жеткізу формасы әлгіндей. Іс-шараға мыңдаған волонтер қатысты. Парламент ғимараты алдына 13 мың орындықты орнату үшін олар 7 сағаттай уақыт жұмсаған. Өз кезегінде Бундестаг депутаттары бұл ұсынысты бірінші отырысты қарауға уәде берді.

Литца Флаум, «Зеебрюке» мекемесінің баспасөз хатшысы:

- Біздің ойымызша, Грециядағы лагерьде қалып қойған азаматарға қол ұшын созу қажет. Германияның босқындарды қабылдап, жайлы орын ұсынуға мүмкіндігі жетеді. Сондықтан да үкіметтен тез арада осы істі қолға алып, келіссөздер жүргізуін сұраймыз. Мен өзім сол лагерьде болдым. Ондағы жағдай адам төзгісіз. Ал лагерьде коронавирустың өршуі жығылғанға жұдырық болды. Жағдай күн санап нашарлауда, сондықтан жедел іске кірісу керек.

Хабар 24 телеарнасы