429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хайшен» дауылы Приморск өлкесіне жетті

  • 103
  • UPD: 15:14, 08.09.2020
«Хайшен» дауылы Приморск өлкесіне жетті

«Хайшен» дауылы Ресейдің Приморск өлкесіне де жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүлей жел өзімен бірге қалың жаңбыр әкеліп, өңірге бір айлық норма жауын жауды. Салдарынан жолдар су астында қалып, бірқатар аудандардың тұрғындары жарықсыз қалған. Аймақтағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, тасу қаупі күшейген. Табиғат апатынан жапа шеккендер туралы әзір ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, «Хайшен» дауылы бұған дейін Жапонияның оңтүістігі мен Корея түбегінде соғып, ондаған мың адам жарықсыз қалды. Көп елді мекенді су басқан.

Хабар 24 телеарнасы