420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда спрей түрінде қолданылатын вакцинаны сынау басталады

  • 121
  • UPD: 20:33, 10.09.2020
Қытайда спрей түрінде қолданылатын вакцинаны сынау басталады

Қытайда коронавирусқа қарсы мұрынға спрей түрінде қолданылатын вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Гонконг университетіне сілтеме жасап «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Екпені Гонконг пен Сямэнь университетінің ғалымдары Бейжіңдегі «Вантай» фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп жасаған. Вакцина жануарларға егіліп тексерілгенде, коронавирусқа қарсы тиімділігін көрсеткен. Егер жаңа екпе клиникалық сынақтың барлық кезеңінен сәтті өтсе, Қытайда мұрынға шашып егілетін алғашқы вакцина болмақ. Қазір бұл елде вирусқа қарсы 9 вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы