420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда мәдениет пен өнер саласының өкілдері шеруге шықты

  • 62
  • UPD: 11:28, 11.09.2020
Германияда мәдениет пен өнер саласының өкілдері шеруге шықты

Германияда мәдениет пен өнер саласының өкілдері және фестиваль және концерт ұйымдастырушыларының шеруі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің түкпір-түкпірінен осы шараға қатысу үшін 7 мыңдай адам Берлинге келді. Пандемияның кесірінен көбісі наурыз айынан бері жұмыссыз отыр. Кейбір фирмалардың иелері табыстары 95% азайғанын айтады. Бұл сала пайда негізінен бұқаралық шаралардан түсетін. Германияда жылдың аяғына дейін конгресстер, жәрмеңкелер мен фестивальдер өткізуге тыйым салынды.Осының кесірінен дыбыс режиссёрлер, көлік жүргізушілер, көрме орталықтарының иелерінен бастап аспазшылар мен әншілерге дейін көптеген адам нәпақасыз қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың саны бір миллионға жетуі мүмкін. Шерушілер үкіметтен қолдау сұрап отыр. Карантин кезінде мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері қаржылай көмекпен қамтылған. Мәселен ірі компанияларға айына 50 мың еуроға дейін бөлініп жүрді. Алайда, шерушілердің айтуынша, бұл қаражат жеткіліксіз.

Хабар 24 телеарнасы