426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жалпыұлттық карантин енгізілетін болды

  • 105
  • UPD: 10:19, 14.09.2020
Израильде жалпыұлттық карантин енгізілетін болды

Израильде індеттің күшеюіне байланысты жалпыұлттық карантин енгізілетін болды.

Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Шара алдағы жұмадан басталып 3 аптаға созылмақ. Тәртіпке сай азаматтардың жүріп-тұруы шектеліп, оқу орындары мен сауда орталықтары уақытша жабылады. Мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысы тоқтатылады. Азаматтардың үйлерінен тек жұмысқа бару үшін ғана шығуына рұқсат етілмек. Шешім қыркүйектің 18-інен басталатын ұлттық мерекеге байланысты қабылданған. Себебі, 9 миллион халқы бар Израильде соңғы уақытта вирус күн сайын 4 мыңнан астам адамнан анықталуда. Жалпы бұл елде дертке шалдыққандар саны 153 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы