426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ жағалауына «Салли» дауылы жақындады

  • 101
  • UPD: 14:24, 14.09.2020
АҚШ жағалауына «Салли» дауылы жақындады

Атлант мұхитынан шыққан «Салли» дауылы АҚШ жағалауына жақындап, бірнеше штатта дайындық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миссисипиде теңіз жағалауына жақын аудандардан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіп жатыр. Дүлей жел құрлыққа жеткенде екпіні күшейіп, жаңбыр жауып, тасқын болады деген қауіп бар. Мамандар қазір Мексика шығанағында соққан дауылдың жылдамдығы сағатына 95 шақырымға дейін артқанын айтады. Луизиана штатында бұған дейін төтенше жағдай жарияланған.

Джои Човен, жергілікті тұрғын:

- Бұл да «Катрина» дауылы сияқты аймаққа мол жаңбыр әкеліп, елді мекендерді су басатын шығар. Сондықтан қажетті заттарымызды алып, уақытша қауіпсіз жерді паналауды шештік.

Атлант мұхитындағы Бермуд аралдарына жақын жерде тағы бір дауыл пайда болды. Оған «Полетт» деген ат берілді. Бермудтан 400 шақырымдай жерде соққан дүлей жел аралдарға бүгін түнде жетіп, сағатына 140 шақырым жылдамдықпен ұйытқиды деген болжам бар. Жауын жауып, толқын көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі жоғары. Бермуд аралдарында әуе және кемежай жабылып, мемлекеттік мекемелер жұмыстарын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы