431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ёсихидэ Суга Жапонияның жаңа премьер-министрі болды

  • 116
  • UPD: 13:45, 16.09.2020
Ёсихидэ Суга Жапонияның жаңа премьер-министрі болды

Жапонияның жаңа премьер-министрі болып Либералдық-демократиялық партияның төрағасы Ёсихидэ Суга бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның кандидатурасын парламенттің төменгі палатасының көпшілік депутаты қолдады. Суга жоғарғы палатада да басым дауысқа ие болған. Жаңа премьер-министр жуық арада өз кабинетінің құрамын жариялауы тиіс. Еске сала кетейік, тамыздың 28-і күні Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді.

Қыркүйектің 7-сі күні Либералдық-демократиялық партия көпшілік дауыспен үкіметте бас хатшы болып жұмыс істеп келе жатқан Ёсихидэ Суганы жаңа төраға етіп сайлады. Партия жарлығы бойынша ол бұл міндетті 2021 жылға дейін атқарады.

Хабар 24 телеарнасы