427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай коронавирусқа қарсы 11 вакцинаны клиникалық тестілеуден өткізіп жатыр

  • 151
  • UPD: 10:39, 18.09.2020
Қытай коронавирусқа қарсы 11 вакцинаны клиникалық тестілеуден өткізіп жатыр Известия

Төрт вакцина клиникалық тестілеудің үшінші сатысында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта Қытай коронавирустан болатын ауруларға қарсы 11 вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр. ҚХР ғылым және техника министрі Ван Чжиган Бейжіңде өткен форумда төрт вакцинаның клиникалық тестілеудің үшінші сатысында екенін мәлімдеді.

«Эпидемияны әлі де бақылау мүмкін болмай тұр. Күз бен қыс мезгілдерінде жағдай ушыға түсуі мүмкін, вирустың алдын алу және бақылау мәселесі әлі де қиындық туғызуда», – деді Ван Чжиган.

Министр коронавируспен күресте Қытайдың халықаралық ғылыми-техникалық серіктестікті басты орынға қойғанын да атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы