432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Берлинде жарық фестивалі өтіп жатыр

  • 204
Берлинде жарық фестивалі өтіп жатыр

Германия астанасында ел көп жиылатын аумақтар алуан түске боялған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты шара әдеттегідей Берлин шіркеуі, Шарлоттенбург қамалы және Бранденбург қақпасындағы әсем жарық шоулармен ашылды. Мұражай, концерт залы, үкімет үйі сынды 86 ғимараттың қасбеттеріне жарық түсіріліп, түрлі түсті суреттер бейнеленді. Айта кетерлігі, Германияда көпшілік қатысатын барлық шараға тыйым салынған. Дегенмен, жарық фестивалін санитарлық талапқа сай өткізуге рұқсат берілді.

Сюзанна, Берлин қаласының тұрғыны:

– Фестивальдің өткеніне қуаныштымыз. Шаһардағы 10 инсталляцияны көрдік. Өте ұнады. Ғимараттарды жарықпен безендіру қаланың кейпіне басқаша өң береді.

Хайко, Берлин қаласының тұрғыны:

– Мен былтыр да осы фестивальді келіп көргенмін. Ол кезде жарық шоуы ұзағырақ болған еді. Биыл Бранденбург қақпасындағы безендірулер ұнады. Жарықпен жасалған суреттер өте тартымды болды. Бетперде киіп арақашықтықты сақтауға тырыстық.

Хабар 24 телеарнасы