430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нобель сыйлығын табыстау жаңа форматта өтетін болды

  • 144
  • UPD: 09:43, 23.09.2020
Нобель сыйлығын табыстау жаңа форматта өтетін болды

Швециядағы коронавирустық жағдайға байланысты 1944 жылдан бері алғаш рет 10 желтоқсанға жоспарланған химия, әдебиет, медицина, физика, экономика саласындағы дәстүрлі Нобель сыйлығының салтанатты рәсімі өткізілмеді.

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылардың сайтында жарияланды.

«Пандемия кезіндегі қазіргі жағдай бұл Нобель сыйлығы тарихындағы бірегей жыл екенін білдіреді. Себебі медальдар мен дипломдар лауреаттарға олардың елдеріндегі елшіліктер мен университеттер арқылы қауіпсіз түрде беріледі», - делінген хабарламада.

Жаңа формат аясында Стокгольмде телевизиялық студия құрылып, оған адамдар шектеулі санмен қатысады.

Жеңімпаздардан өз университеттері немесе елшіліктерінде камера алдында тұруы сұралады, осылайша, олармен онлайн режимде байланыс орнатылады.

Хабар 24 телеарнасы