430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шэньчжэнь зәулім ғимараттар саны бойынша Нью-Йоркті басып озды

  • 132
  • UPD: 14:23, 25.09.2020
Шэньчжэнь зәулім ғимараттар саны бойынша Нью-Йоркті басып озды

Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь мегаполисі зәулім ғимараттар саны бойынша Нью-Йорктен озып, осы көрсеткіш бойынша Гонконгтан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Қазіргі уақытта қырық жыл бұрын балықшылар ауылы болған Шэньчжэнь қаласында шыныдан және бетоннан салынған 289 зәулім мұнара тіркелген.

Олардың биіктігі 150 метрден асады (орта есеппен қырық қабат). Ал Нью-Йоркте мұндай ғимараттар саны 283.

354 зәулім ғимараты бар Гонконг осы рейтингтегі бірінші орынды алады. Алдыңғы бестіктің қатарында Дубай (202) және Шанхай (165) бар.

Ғимараттар қарқынды салынған елдердің рейтингінде Қытай 2204 зәулім нысанмен көш бастап тұр. Ондағы мұнаралар саны Америка Құрама Штаттарындағыдан (808) үш еседей көп. Одан кейін Жапония (259), Біріккен Араб Әмірліктері (255) және Корея Республикасы (231).

Әлемдегі зәулім ғимараттардың жалпы саны 4991-ге жетті. Қазіргі уақытта 744 мұнара салынуда, оның 321-і Қытайда орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы